Жарияланған күні: 26.02.2019 18:11
Өзгертілген күні: 14.03.2019 20:16

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

2019 жылғы 26 ақпанда Нижний Новгород (Ресей Федерациясы) қаласында Кеден одағына мүше мемлекеттері кеден қызметтерінің Біріккен алқасының 30-шы отырысы өтті

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің атынан Төраға Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қалиұлы Қожабергенов қатысты.

Отырыс шеңберінде кедендік операцияларды жетілдіруді оңтайландыруға, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер заңнамаларын бұзушылық тәуекелдерін азайту бойынша қосымша шараларға ағытталған бірқатар шешімдер қабылданды, кедендік транзит мерзімін белгілеу кезінде бірыңғай тәсілдер әзірленді, кедендік құн деңгейін бақылау жүзеге асырылатын Тауарлар санатының тізбесіне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттері кеден қызметтерінің Біріккен алқасы жанындағы тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының 2019 жылға арналған ережелері, құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Отырыс шеңберінде Комитет күн тәртібінде қарауға мынадай мәселелерді шығарды:

- Армения Республикасының аумағында еркін айналымға шығарылған  жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын  кедендік декларациялау кезінде бірыңғай тәсілді әзірлеу туралы;

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттері кеден органдарының тауарларға арналған декларацияның 9 және 14-бағандарын толтыру тәртібі бойынша құқық қолдану практикасы туралы.

Тараптар Комитеттің бастамасын қолдады, осылайша қортындысы бойынша КОБА тиісті шешімі шығарылды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларымен өткізілген екіжақты кездесудің шеңберінде халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген автомобиль көлік құралдарынкері әкетуді жүзеге асырмаған немесе белгіленген мерзімде осындай көлік құралдарын  кедендік рәсіммен орналастырмаған тасымалдаушыларға қолданылатын бірыңғай шараларды әзірлеуге қатысты мәселелердің кең ауқымы, қазақстан мен ресейдің кеден органдары арасында навигациялық пломбаны пайдаланумен транзиттік тасымалдау мониторингі бойынша жүргізілген эксперимент қортындысы талқыланды.

Төраға Кеден одағына мүше мемлекеттерінің кеден қызметтері Біріккен алқасының алаңы КО мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы басым бағыттарды айқындауға, КО мүше мемлекеттері кедендерінің кеден саясатының негізгі аспектілері бойынша іс жүзіндегі өзара іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жүргізілген келіссөздердің қортындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты  одан әрі жалғастыруға және нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Отырыстың нәтижесі бойынша тиісті шешімдерге қол қойылды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)