
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫ САЯСИ КОМИССИЯСЫНЫҢ 81-ШІ СЕССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
2019 жылдың 24-26 маусымы аралығында Қазақстан Еуропалық аймақтың атынан Брюссель қаласындағы (Бельгия) Дүниежүзілік кеден ұйымының Саяси комиссиясының 81-ші сессиясына жұмыс органының ресми мүшесі ретінде қатысты.
Саяси комиссия - бұл ДКҰ-ның 24 ең белсенді мүшесінен сайланған ДКҰ-ның жоғарғы органы. Саяси комиссия кедендік салада халықаралық стандарттарды әзірлеумен айналысады.
Осындан алдын, ДКҰ Кеңесінің 2017 жылғы 14 шілдедегі 129/130 сессиясының №349 шешімі бойынша, Қаржы комитетіне 3 жылдық мүшелік кезеңінен кейін, Қазақстан 2 жыл мерзімге Саяси комиссияға мүшелікке сайланды. Қазақстан үшін биылғы жылғы саяси комиссияның 81-ші сессиясы аяқтаушы болып табылады.
Қазақстан ДКҰ Хатшылығының қызметін үйлестіруді талап ететін төмендегі мәселелерді қарауға қатысты:
- Ұйымның Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Бас хатшының баяндамасы;
- елдерге техникалық көмек көрсетуде Хатшылықтың жұмысы мен тәсілдерін қарастыру және үйлестіру, сондай-ақ кеден мәселелерінде жаңа халықаралық стандарттар мен құралдарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізу;
- Бас хатшы мен оның орынбасарлары лауазымына қайта сайлану мерзімдерін шектеу туралы шешім қабылдау;
- жаңа ДКҰ Cтратегиялық жоспарын талқылау және үйлестіру;
- ДКҰ-ға жаңа мүшелерді қосу мәселесі
- ДКҰ-да қосымша тілдерді енгізуде Пилоттық жобаның тиімділігін бағалау;
- Дүниежүзілік банкпен диалогты қоса алғанда, кеден қызметтерінің қызметін бағалаудың өз құралын әзірлеу кезінде Хатшылықтың жұмысы барысына қатысу;
- Электрондық сауда;
- Қайта қаралған Киоттық конвенциясы және басқа да мәселелер.
Сессияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті атынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Ермек Қожабергенов қатысты.
Сонымен қатар, іс-шара барысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді:
- ДКҰ Бас хатшысы Кунио Михуриямен мемлекеттік кіріс органдарының ДКҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту,
- Баку қаласында Институционалдық дамудың өңірлік орталығы басшысы Эсер Энгелмен институционалдық даму және Қазақстанның кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері бойынша кездесулер өтті.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)