
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
БҰҰ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСІП, ҰЛТТЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы базасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігімен, 2019 жылғы 22-26 шілде аралығында БҰҰ ЕҚБ және ДКҰ (Дүниежүзілік кеден ұйымы) Ғаламдық бағдарламасы шеңберінде контейнерлік тасымалдарды бақылау бойынша стратегиялық тауарлар саудасы және экспорттық бақылау саласында хабардарлықты арттыру бойынша ұлттық семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Сара Жукановна Абылкасимова құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің, «Морпорт» және «Алтынкөл» кеден бекеттерінің порттық бақылау тобы мүшелерінің стратегиялық тауарларды сату және экспорттық бақылау саласында хабардар болуын арттыру, сондай-ақ білімдері мен дағдыларын нығайту,сонымен қатар жоғары қауіпті жүктерді, қосарлы мақсаттағы тауарларды және жаппай қырып-жою қаруын анықтау үшін кедендік бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану болып табылады.
Нұсқаушылар ретінде БҰҰ ЕҚБ мен ДКҰ сарапшылары Эрджан Сака (Түркия) және Вахтанг Тартарашвили қатысты.
Оқу барысында қатысушылар халықаралық стандарттар, экспорттық бақылау тауарларын бақылау және өткізу тәртібі, стратегиялық тауарларды реттеу және лицензиялау тәртібі туралы хабардар етілді.
Радиологиялық, химиялық, биологиялық, және ядролық (РХБЯ) қаруларына, қосарлы мақсаттағы тауарларға, жарылғыш заттар мен жарылғыш прекурсорларға, сондай-ақ атыс қаруына арналған материалдарды заңсыз жеткізуге қатысатын трансұлттық қылмыстық және террорлық желілермен күресудің қазіргі заманғы модельдері туралы білді, сондай-ақ стратегиялық бақылауға жататын тауарлармен байланысты тәуекел индикаторларын анықтау бойынша практикалық сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар тапсырылды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)