
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫМЕН ОСЫ ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА 11,1 МЛН. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛГЕН
2019 жылы жүргізілетін оңтайландыру нәтижесімен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметтердің 80%-ын электронды түрде көрсетуді жоспарлаған, қазіргі уақытта осы көрсеткіш 71 % құрайды.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметінің маңызды және стратегиялық міндеті болып табылады, өйткені мемлекеттік қызметтер сапасының деңгейі елдің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызметтердің 45 түрі енгізілді, оның ішінде 32 қызмет (немесе 71,1%) автоматтандырылған, соның ішінде 26 – «электрондық үкімет» порталы арқылы.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушылардың қолайлылығы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде 15 қызмет көрсетіледі, баламасыз негізде – 5 қызмет, оның ішінде – 15 салықтық бағыттағы, 5-кедендік бағыттағы.
2019 жылғы 1 жартыжыл қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы – 11,1 млн.қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 10,1 млн.қызмет немесе 91%, қағаз жеткізгіште – 1,0 млн.қызмет немесе 9%.
Аса сұранысқа ие электронды қызметтер:
Атауы |
барлығы |
эл. түрде |
қағаз жеткізгіште |
электронды қызметтердің үлес салмағы |
Салық есептілігін қабылдау |
4 573 918 |
4 541 755 |
32 163 |
99,3 |
Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру |
3 448 936 |
3 437 492 |
11 444 |
99,7 |
Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру |
962 379 |
962 379 |
0 |
100 |
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерге Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сұрыптау бойынша Ведомствоаралық комиссиясымен 2017-2018 жылдар аралығында Министрлікпен көрсетілетін қызметтердің автоматтандыру және оңтайландыру үшін қаралды, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жол карталары жасалды.
Жол карталары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіңдегі құжаттар санының қысқартылуын және электронды форматқа көшуін көздейді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)