Жарияланған күні: 24.09.2019 17:26
Өзгертілген күні: 25.09.2019 15:57

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

24 қыркүйек 2019 ж.                                                                                  Алматы облысы

 

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ЕЛДЕН ДЕКЛАРАЦИЯЛАНБАҒАН 10 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АҚША ҚАРАЖАТЫН ӘКЕТУГЕ ТЫРЫСТЫ

 

2019 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО-да Қорғас ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚР ҰҚК ШҚ №2088 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ҚР екі азаматын ұстады, олардан ҚР-нан ҚХР-на кетер кезде белгіленген нысанда декларацияланбаған 5 000 000 теңге және     5 531 000 теңге көлемінде ақша қаражаты табылды.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 551-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)