
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
7 қазан 2019 ж. Алматы обл.
ҚХР-ДАН АСПАШАМ ТҮРІНДЕ ЖАСЫРЫНҒАН, ҚР АУМАҒЫНА ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ҚЫТАЙ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРІ ҰСТАЛДЫ
Бұзушылықтар "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп анықтады.
Қораптарда "СТЕКЛО" деген жазуы бар аспашам түрінде жасырынған, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 кг. болатын қытай дәрі-дәрмектері ұсталды және тәркіленді.
Сонымен қатар, жалпы салмағы 370 кг болатын 18 500 қорап (370 000 дана) "Cavallo" және "Milano" маркалы темекі өнімдерін ұстады.
Сол күні, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Rapiscаn" рентген аппаратынан Өзбекстан Республикасының азаматынан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін "Baofeng" маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.
Аталған істің барлық мән-жайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)