
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-1-бабына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бекітілген бұйрығымен халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын телефонын айқындау қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық өтінімдерді және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 18 мамыр сағат 17.30. Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
Нұр-сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, каб. 203 А, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің» ғимараты.
Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстары бар пакеттерді ашу 2022 жылғы 19 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, каб. 203 А, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің» ғимараты.
Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 71-83-91, 71-84-29.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурсты өткізуге арналған конкурстық құжаттама
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурсты өткізуге арналған конкурстық құжаттама (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) конкурсқа қатысушыларға оны өткізу шарттары туралы толық ақпаратты беру мақсатында әзірленді.
2. Конкурс Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың жобасын іске асыру үшін халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын (бұдан әрі – ұлттық оператор) айқындау мақсатында өткізіледі.
3. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және келесі талапқа сәйкес келетін:
1) салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін ведомствоның мониторингтеу мүмкіндігімен қадағалау жүйесі бар;
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) бүкіл аумағында қадағалау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығын (орталықтарын), деректерді беру желілері бар;
3) Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты қызметтер көрсету мүмкіндігі бар;
4) көлікті қадағалауды қамтамасыз ету және ведомствоны көлікті қадағалаудың ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету үшін тәулік бойы мониторинг орталығы бар;
5) өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналы бар;
6) қадағалау жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығы бар заңды тұлғалар қатыса алады.
2-бөлім. Конкірстық құжаттаманы беру
4. Конкурстық құжаттама электрондық түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет, конкурсты ұйымдастырушы) ресми сайтында орналастырылады. Қажет болған кезде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысушының жазбаша түрде берген өтініші негізінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште тиісті өтінішті алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынады
3-бөлім. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру
5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді. Қайталама конкурс өткізу кезінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді.
Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жауап жібереді және сұрау салған адамды көрсетпей, мұндай түсіндірмені Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру оның мәнін өзгертпеуге тиіс.
4-бөлім. Конкурстық өтінімге қойылатын талаптар
6. Конкурсқа қатысушылар ұсынатын конкурстық өтінімде келесі құжаттар болуға тиіс:
1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға конкурсқа қатысушы толтырған және қол қойған өтінім;
2) тіркелген заңды тұлға туралы электрондық анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығымен бекітілген халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
4) қадағалау жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі тұжырымдамалық пайым (презентация нысанында).
Конкурсқа қатысушы конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) презентациялық материалдарын көрсетуді жүргізеді;
5) қадағалау жүйесінің сипаттамасы және оны енгізу жоспары.
Конкурсқа қатысушы комиссияның бағалауы үшін конкурсты ұйымдастырушы бекіткен тестілеу жоспарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ұсынылатын ақпараттық жүйесін көрсетеді.
6) ұлттық операторға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
№ |
Талаптардың сипаттамасы |
Растайтын құжаттар |
1 |
Конкурсқа қатысушыда салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін ведомствоның мониторингтеу мүмкіндігімен қадағалау жүйесі бар болуы тиіс; |
Шарт / келісім (алдын ала шарт/келісім) немесе конкурсқа қатысушының халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру процестерін іске асыру үшін бағдарламалық қамтылымды пайдалану мүмкіндігін растайтын құжаттар |
2 |
Қонкурсқа қатысушыда Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) бүкіл аумағында қадағалау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығын (орталықтарын), деректерді беру желілері бар болуы тиіс; |
Конкурсқа қатысушыда деректерді өңдеу орталығының, деректерді беру желілерінің бар екенін растайтын сертификаттың (-тардың), паспорттың (-тардың), жеткізу шарттарының, пайдалануға беру, жалға беру актісінің (-лерінің) көшірмелері |
3 |
Конкурсқа қатысушыда Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты қызметтер көрсету мүмкіндігі бар болуы тиіс; |
Меншік немесе жалға алу құқығында кемінде 4 000 дана навигациялық пломбалардың болуын құжаттамалық растау |
4 |
Конкурсқа қатысушыда көлікті қадағалауды қамтамасыз ету және ведомствоны көлікті қадағалаудың ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету үшін тәулік бойы мониторинг орталығы бар болуы тиіс; |
Көлікті қадағалауды қамтамасыз ету және көлікті қадағалаудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін мониторингтік орталықты пайдалану мүмкіндігін растайтын құжаттар |
5 |
Конкурсқа қатысушыда өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналы бар болуы тиіс; |
IT-технологиялар саласында білікті мамандардың және техникалық мамандардың болуы (кемінде 10 қызметкер). Аталған мамандарда мәлімделген персоналдың біліктілігіне сәйкестігін растайтын сертификаттардың, дипломдардың және құжаттардың болуы |
6 |
Конкурсқа қатысушыда қадағалау жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығы бар болуы тиіс. |
Ақпараттық қадағалау жүйесін пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін конкурсқа қатысушының байланыс орталығын пайдалану мүмкіндігін растайтын құжаттар |
7. Конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау кезінде конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жалпы қабылданған белгілер мен атауларды қабылдауға тиіс.
8. Конкурстық өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазбаша нысанда желімделген конвертте конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімде ұсынылады.
Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға бір ғана конкурстық өтінім бере алады.
9. Конкурсқа қатысушының өтінімінде қамтылған мәліметтер екіұштылық түсіндірулерге жол бермеуге тиіс. Тазартуға және түзетуге жол берілмейді.
10. Конкурстық өтінімде оның құрамына кіретін құжаттардың тізімдемесі болуға, ол конкурсқа қатысушының мөрімен (бар болса) бекемделуге және конкурсқа қатысушы немесе оның уәкілетті адамы қол қоюға тиіс. Конкурстық өтінімнің барлық парақтары тігіліп, нөмірленуі тиіс.
11. Конкурсқа қатысушының көрсетілген талаптарды сақтауы конкурстық өтінімнің құрамына кіретін барлық құжаттар мен мәліметтер конкурсқа қатысушының атынан берілгенін білдіреді, сондай-ақ конкурстық өтінімнің құрамында ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын және анықтығын растайды.
12. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің бір түпнұсқа данасын дайындауы тиіс. Бұдан басқа, комиссия мүшелерінің өтінімдерді қарау және бағалау рәсімін оңтайландыру үшін қатысушыға конкурстық өтінімнің «КӨШІРМЕСІ» деп нақты белгіленген көшірмесін бір данада ұсыну ұсынылады. Конкурсқа қатысушы түпнұсқасы мен көшірмесін «ТҮПНҰСҚА» және «КӨШІРМЕ» деген жазулармен тиісті түрде таңбаланған жеке конверттерге салады. Содан кейін бұл конверттер сыртқы конвертке салынады. Бұл ретте ішкі және сыртқы конверттерде осы өтінім берілетін конкурстың атауы және Конкурсқа қатысушының пошталық мекенжайы (егер ол мерзімінде ұсынылмаса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында) көрсетіледі. Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушылар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы ұсынады.
13. Егер конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес мөрленбесе және таңбаланбаса, конкурсты ұйымдастырушы конверттің немесе оның ішіндегісінің жоғалғаны немесе мұндай конверттің мерзімінен бұрын ашылғаны үшін жауапты болмайды.
14. Конкурсқа қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді комиссия ашқан кезге дейін кез келген уақытта конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
5-бөлім. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу
15. Комиссия конверттерді ашады және конкурстық өтінімдерді комиссия отырысында конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген орында, күні мен уақытта конкурсқа қатысушылардың барлық келген уәкілетті өкілдерінің қатысуымен қарайды.
16. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде Комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуын немесе болмауын хабарлайды.
17. Конкурсқа бір қатысушының конкурсқа қатысуға екі және одан да көп өтінім беру фактісі анықталған жағдайда, мұндай конкурсқа қатысушының бұрын берген өтінімдері кері қайтарылмаған жағдайда, мұндай қатысушының конкурсқа қатысуға барлық өтінімдері қаралмайды және қайтарылуға жатады.
18. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім салынған конверт конкурстық өтінім берген тұлғаға қайтарылады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінімді қабылдамау туралы акт жасайды.
19. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссия төрағасы, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Ашу хаттамасында сондай-ақ өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен қабылданбаған өтінімдер туралы ақпарат көрсетіледі. Конкурсты ұйымдастырушы Хаттаманы оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
6-бөлім. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау және бағалау
20. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау және өтінімдерді қабылдау;
2) комиссияның конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, конкурсқа қатысушылардың ұлттық операторға қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
3) бекітілген қадағалау жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес қадағалау жүйесінің сараптамалық тобының функционалдық және жүктемелік тестілеуі, конкурсқа қатысушының қадағалау жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
21. Комиссия конкурстық өтінімдерді олардың ұлттық операторға қойылатын талаптарға және осы конкурстық құжаттамаға толық сәйкестігі тұрғысынан қарайды және конкурсқа қатысушыларды конкурстың келесі кезеңдеріне жіберу туралы шешім қабылдайды. Ұлттық операторға қойылатын талаптарға және (немесе) осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдерді комиссия кері қайтарады және олар конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей дәлелді жауаппен бірге конкурсқа қатысушыларға қайтарылуға жатады.
22. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі және өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия конкурстың келесі кезеңдеріне рұқсат алған конкурсқа қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі тұжырымдамалық көзқарасы, сондай-ақ конкурстың келесі кезеңдеріне өткен әрбір қатысушы үшін халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін тестілеудің функционалдық және жүктемелік тестілеу бойынша таныстыруды өткізу орнын, күні мен уақыты көрсете отырып хаттаманы ресімдейді.
23. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау қорытындылары туралы хаттамаға төраға, оның орынбасары және Комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы конкурсқа қатысушыларды конкурстың келесі кезеңдеріне жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды және конкурсты ұйымдастырушы оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
24. Конкурсты өткізудің үшінші кезеңінде сараптама тобы конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары туралы хаттамада көрсетілген бекітілген тестілеу жоспарына, орны мен уақытына сәйкес ұлттық операторға қойылатын талаптарға және осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылардың ақпараттық жүйелеріне функционалдық және жүктемелік тестілеуді жүргізеді.
25. Конкурсқа қатысушыны қадағалау жүйесін тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша сараптама тобы тестілеу хаттамасын жасайды.
Тестілеу хаттамасында өткізілген функционалдық және жүктемелік тестілеу нәтижелерінің сипаттамасы, осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурсқа қатысушыны қадағалау жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау қамтылады.
26. Тестілеу хаттамасына конкурсқа қатысушылардың ақпараттық жүйесін тестілеу аяқталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама тобының барлық мүшелері қол қояды және оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияға ұсынылады.
27. Комиссия сараптама тобының тестілеу хаттамасын конкурс қорытындылары туралы шешім қабылдаған кезде ескереді.
28. Қадағалау жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін өлшеу үшін тауарлар мен көлік құралдарын қадағалау тиімділігіне олардың әсерін ескере отырып, осы қадағалау жүйесін тестілеу барысында сарапшылар тобы анықтаған қателер мен сәйкессіздіктер саны ескеріледі.
Тестілеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктер тестілеу хаттамасында көрсетіледі.
29. Конкурсқа қатысушы тауарларының таңбалануы мен қадағалануының ақпараттық жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау кезінде баллдарды беру жөніндегі шешімді Комиссияның әрбір мүшесі жеке шығарады.
30. Комиссия мүшелері берген барлық балдарды қосу жолымен ең көп балл алған немесе қайталама конкурс нәтижелері бойынша жалғыз қатысушы деп танылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп танылады. Егер комиссияны бағалау қорытындылары бойынша бірнеше конкурсқа қатысушы бірдей жоғары балл жинаған жағдайда, конкурс жеңімпазы комиссияның қатысушы мүшелерінің дауыс беруімен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Комиссия мүшелері Ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндайды және конкурстың қорытындысын шығару туралы хаттамаға қоса береді.
7-бөлім. Конкурс өткізу қорытындысын шығару
31. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындысын шығарады.
32. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша, конкурсқа қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері және олардың негізінде конкурс жеңімпазы айқындалған шарттар, конкурстық өтінімдері қабылданбаған қатысушылардың атауы мен орналасқан жері, олардың қабылданбау себептері көрсетіле отырып конкурс қорытындыларын шығару туралы хаттама ресімделеді.
33. Конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға төраға, оның орынбасарлары және Комиссияның барлық қатысқан мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.
34. Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми баспа басылымдарында және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жариялануға тиіс.
35. Комиссия конкурсты өтпеді деп танылады, егер:
1) оған екіден кем қатысушы қатысса;
2) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;
3) конкурсқа қатысушылардың барлығы ұлттық операторға қойылатын талаптарға және (немесе) осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе.
36. Бір конкурсқа екі рет жалғыз өтінім келіп түскен жағдайда, Ұлттық операторға қойылатын талапқа және осы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін осы жалғыз қатысушы ұлттық оператор болып танылады.
37. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауларды Комиссия қарайды. Комиссияның дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіміне Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық операторды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
39. Ұлттық оператор Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Конкурстық құжаттамаға
1-қосымша
нысаны
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
(заңды тұлғалар үшін)
(Кімге) __________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кімнен )__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
__________________________________________________________________________
осы өтініммен халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өзінің ниетін білдіреді, конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша автокөлік құралдары мен тауарларды қадағалау жөніндегі процестерді іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіріп, мыналарды растайды,
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
конкурстық құжаттамамен таныстым және осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда дұрыс емес мәліметтер бергені үшін толық жауапкершілікті өзіме аламын.
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
__________________________________________________________________________
(конкурстқа қатысушыға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімі)
Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап (жазбаша) _________күн ішінде қолданылады
Атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар тұлға ______________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі)
_________________________________________________________ ______________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы, күні)
Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша
нысаны
Ұлттық оператордың айқындау бойынша конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау критерийлері (бақылау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін)
№ р/с |
Бағалау үшін критерий |
Бағалау бірлігі (балл) |
1 |
2 |
3 |
Конкурсқа қатысушыны қадағалау жүйесінің дайындық дәрежесі (қадағалау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша) |
Ең көбі 21 балл |
|
1. |
Іске қосылған навигациялық пломбалар салынған көлік құралдарының нақты уақыт режиміндегі мониторингі. |
0 - жоқ |
2. |
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдау туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болуы. |
0 - жоқ |
3. |
Барлық тіркелген электрондық пломбалардан ақпаратты үздіксіз және уақытпен қатар қабылдау. |
0 - жоқ |
4. |
Ақпараттық жүйенің графикалық пайдаланушы интерфейсіндегі ақпаратты визуализациялау. |
0 - жоқ |
5. |
Тасымалдау туралы жинақталған ақпаратты сақтау мерзімдерінде шектеулердің болмауы. |
0 - жоқ |
6. |
Навигациялық пломбаларды қашықтықтан басқаруды, оның ішінде навигациялық пломбаның ағымдағы техникалық жай-күйі туралы өзін-өзі диагностикалауды орындау. |
0 - жоқ |
7. |
Навигациялық пломбадан деректерді беру жиілігінің өзгеруі, навигациялық пломбаны іске қосу және ажырату. |
0 - жоқ |
8. |
Әр түрлі есептерді қалыптастыру және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
9. |
Қазақстан Республикасының аумағында ғана орналасқан серверлерде қадағалау жүйесін орнату, оқшаулау, өрістету. |
0 - жоқ |
10. |
Қазақстан Республикасының аумағында тек авторландырылған пайдаланушыларға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
11. |
Рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғаумен ақпаратты беруді жүзеге асыру. |
0 - жоқ |
12.
|
Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінің ұлттық операторларымен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі. |
0 - жоқ |
13. |
Тәулік бойы техникалық қолдау-24/7. |
0 - жоқ |
14. |
Ведомствоның талабы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. |
0 - жоқ |
15. |
Ведомствоның талабы бойынша өзге бағдарламалық қамтамасыз етумен интеграциялау мүмкіндігі. |
0 - жоқ |
16. |
Навигациялық пломбалардың жеткіліктілігін бақылауды және одан әрі пайдалану үшін навигациялық пломбаларды зарядтауды қамтамасыз ететін сервистік қызмет көрсету желілерінің болуы. |
0 - жоқ |
17. |
Электрондық пломбаларды пайдалана отырып, жүктердің мониторингі жүйесіне Қазақстан Республикасы патентінің болуы. |
0 - жоқ |
Материалдық қамтамасыз етудің дайындық дәрежесі (тестілеу және навигациялық пломбаларды тексеру нәтижелері бойынша) |
Ең көбі |
|
1. |
Навигациялық пломбалардың мынадай ерекшеліктері болуы тиіс: жалғаннан қорғау, бірегей жеке нөмір, ол туралы ақпарат ішкі ұшпайтын жадта болады және электрондық пломбаның корпусына қолданылады; навигациялық пломбаның электрондық блогын қайта пайдалану мүмкіндігі; электрондық пломбаның жұмыс қабілеттілігін көзбен шолып анықтауға арналған индикация; шаң, ылғалға төзімді корпус. |
0 – сәйкес келмейді |
2. |
Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелерден алынған деректер негізінде кеңістік-уақыт күйінің параметрлерін анықтау (географиялық бойлығы мен орналасқан жерінің кеңдігі, қозғалыс жылдамдығы мен бағыты, кеңістік-уақыт күйін тіркеу күні мен уақыты). |
0 - жоқ |
3. |
Электрондық пломбаның бүтіндігінің жай-күйін және корпусын ашуды және бекіту-пломбалау құрылғысының тросының үзілуін, сондай-ақ аккумулятордың заряд деңгейін және осы ақпаратты беру мүмкіндігімен навигациялық пломбаның жалпы жұмыс қабілеттілігін автоматты түрде анықтау. |
0 - жоқ |
4. |
Ведомство қызметкерлерінің оқу мүмкіндігі бар электрондық пломбаның ішкі энергияға тәуелсіз жадында ақпаратты сақтау. |
0 - жоқ |
5. |
+ 60 және - 60 градус температурада жұмыс істеу; |
0 – сәйкес келмейді |
6. |
Меншікте немесе жалға алуда кемінде 4 000 навигациялық пломбаның болуы. |
0 - жоқ |
Ұлттық оператордың дайындық дәрежесі және осы бұйрықпен белгіленген оған қойылатын талаптардың сақталуы (ұсынылған құжаттарды қарау және таныстыру нәтижелері бойынша) |
Ең көбі
|
|
1. |
Салынған навигациялық пломбалары бар көліктің орнын ауыстыру процесін ведомствоның мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалау жүйесінің болуы. |
0 - жоқ |
2. |
Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағында қадағалау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталықтарының, деректерді беру желілерінің болуы. |
0 - жоқ |
3. |
Заңнамада белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды және (немесе) ЕЭА қолданумен байланысты қызметтерді көрсету мүмкіндігі. |
0 - жоқ |
4. |
Көлікті қадағалауды қамтамасыз ету және көлікті қадағалаудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторингтік орталықтың болуы. |
0 - жоқ |
5. |
Қадағалау жүйесінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналдың болуы. |
0 - жоқ |
6. |
Қадағалау жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығының болуы. |
0 - жоқ |