Date of publication: 05.10.2018 17:42
Date of changing: 05.10.2018 17:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

АҢДАТПА

Құрметті журналистер!

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2018 жылдың 8 қазанында сағат 15-50-де  «Көлік салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы қызметінің өзара әрекеттестігі» тақырыбында брифинг өткізіледі.

Спикерлер:

Құлшықова Айнұр Аманжанқызы - ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы;

Айтыбеков Арман Алтынбекұлы - Астана қаласының ІІД ЖПҚ (жергілікті полициялық  қызметі) басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

 

БАҚ-ты аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, +7(7172) 70-99-48,
8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 5 қазан сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.

Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, конференц-залы, 4-қабат (404А каб.).

ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)