
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
АҢДАТПА
Құрметті журналистер!
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 2018 жылдың 8 қазанында сағат 15-50-де «Көлік салығы бойынша берешек туралы хабарламаларды ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары мен жол полициясы қызметінің өзара әрекеттестігі» тақырыбында брифинг өткізіледі.
Спикерлер:
Құлшықова Айнұр Аманжанқызы - ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы;
Айтыбеков Арман Алтынбекұлы - Астана қаласының ІІД ЖПҚ (жергілікті полициялық қызметі) басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.
БАҚ-ты аккредиттеу: +7 (7172) 70-99-22, +7(7172) 70-99-48,
8-701-358-31-97 телефондары бойынша және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 5 қазан сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 11, конференц-залы, 4-қабат (404А каб.).
ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)