
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
«ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ» ТАҚЫРЫБЫНА ВИДЕОКОНФЕРЕНЦ БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылдың 4-6 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған басқармасымен бірлесіп «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тәртібін түсіндіру болып табылады.
Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Сара Жукановна Абылкасимова жұмыс атқарды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде:
- Куртинова Бибижан Алихановна - ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған басқармасының бас сарапшысы қатысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)