Жарияланған күні: 09.09.2019 15:00
Өзгертілген күні: 09.09.2019 15:04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

«ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ» ТАҚЫРЫБЫНА ВИДЕОКОНФЕРЕНЦ БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

2019 жылдың 4-6 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған басқармасымен бірлесіп «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу тәртібін түсіндіру болып табылады.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Сара Жукановна Абылкасимова жұмыс атқарды. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

         Дәріскер ретінде:

- Куртинова Бибижан Алихановна - ҚР ҚМ МКК Мамандандырылған    басқармасының бас сарапшысы  қатысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)