Жарияланған күні: 31.10.2023 19:23
Өзгертілген күні: 31.10.2023 19:26

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» жобасын әзірледі. (бұдан әрі – бұйрық жобасы).

Бұйрық жобасының мақсаты «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру болып табылады, оған сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес келтіру көзделген, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі бар қосымшаға жіберу мерзімі көрсетілген. Бұдан басқа, Салық кодексінің 166-бабының 7-тармағына сәйкес сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша БКМ басып шағарылған чекте сатып алушының (клиенттің) сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ БКМ чегіндегі техникалық құжаттамада көзделген қосымша деректемелердің мазмұнын бұйрық жобасында сәйкестендіру көзделеді.

Бұйрықтың бұл жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14766669 интернет-порталында 2023 жылғы 27 қазанда орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 10 қарашаға дейін.