Жарияланған күні: 03.11.2023 19:33
Өзгертілген күні: 03.11.2023 19:40

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»» (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 1119 бұйрығы, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, заңға тәуелді актіні «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірледі

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес және сыбайлас жемқорлық нормаларын болдырмау мақсатында.

Бұйрықты іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Бұйрықты қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бұл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2023 жылғы  27 қазандағы № 33572 болып тіркелген және алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.