Жарияланған күні: 24.01.2023 17:39
Өзгертілген күні: 24.01.2023 17:57

Қазақстан тарапының бастамасымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде (әрі қарай Комитет) Қаржы министрлігі мен Комитет басшылығының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден және салық қызметтерінің өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының тауарларды қадағалау жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды.

Комитет, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі аясында алып қою тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын бақылау процестерін толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін Қазақстанда өндірілген электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО аясындағы Қазақстанның оң тәжірибесін одан әрі кеңейту үшін қадағалау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруға шешім қабылданды.

Сондай-ақ, кездесу барысында теміржол тасымалының кедендік транзит рәсімін ресімдеудің цифрлық форматына көшу мәселесі де талқыланды. Тараптар бұл мәселені Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында талқылауға шығаруға уағдаласты.