
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын жүзеге асыру, сондай-ақ қарап-тексеру және жете тексеру актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының м.а. – Қаржы министрі м.а. бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес әзірленді.
Бұйрық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын жүзеге асыру, сондай-ақ қарап-тексеру және жете тексеру актілерінің нысандарын бекітуді көздейді.
Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратады, сондай тауарлаға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде қарап-тексеруді және жете тексеруді жүргізеді. Бұл құзырет «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 26-бабымен белгіленген.