Жарияланған күні: 13.04.2023 16:46
Өзгертілген күні: 13.04.2023 18:46

      «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 306 бұйрығы 2023 жылғы  14 сәуірден бастап күшіне енеді.

     «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының заңнамалық актіге сілтеме болған кезде нормативтік актінің қабылданған күнін көрсетуді алып тастауды көздейтін 25-бабына сәйкес келтіру.     

     Ақпараттық жүйелерде мәліметтердің болуына байланысты кейбір есептер алып тасталды.

    Таза парақтан реттеу шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп есептілікті ұсыну күнін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

   Бұдан басқа енгізілген өзгерістер, ұсынылып отырған норма тауарларды өткізу кезінде есепті деректерді толтыру қажеттілігінің болмауы бөлігінде бизнестің жағдайын жақсартады.

   Осы бұйрық Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған (http://zan.gov.kz/client/#!/md/179324/rus).