Жарияланған күні: 24.05.2023 17:56
Өзгертілген күні: 24.05.2023 18:38

      2023 жылғы 22 мамырда гибридті форматта «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 6-шы отырысы өтті.

     Бұл келіссөздер алаңы, бір жағынан, Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер, екінші жағынан, Қазақстан Республикасы арасындағы 2015 жылғы 21 желтоқсандағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде құрылды.

     Қазақстандық Тарапты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жаналинов Д.Е., Еуропалық делегацияны Еуропалық Комиссияның Салық және кеден одағы бойынша бас директоратының басшысы Фернандо Перрейа де Пиннинк мырза басқарды.

     Сондай-ақ, кіші комитеттің отырысына Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі және Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі Баймұхан М.Б. қатысты.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е.Жаналинов Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 6-шы отырысының ашылу салтанатында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кедендік ынтымақтастықтың ұзақ және өзара тиімді тарихы бар екенін және біздің ортақ мақсатымыз осы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту екенін атап өтті.

     Кіші комитет отырысы барысында Тараптар кеден заңнамасындағы жаңалықтар туралы хабардар етті. Тараптар транзит еркіндігін ілгерілету, УЭО ұлттық бағдарламасын іске асыру, тәуекелдерді басқару, сондай-ақ анықтамалық және сұрау салу жұмыстарында өзара әкімшілік көмек көрсету сияқты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

      Кездесу нәтижесінде Тараптар: Кіші комитет шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге келді.