
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Карнет АТА-ны тәжірибелік қолдану және оны толтыру тәртібі» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізілді
2019 жылдың 13-15 ақпаны аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Карнет АТА-ны тәжірибелік қолдану және оны толтыру тәртібі» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Карнет АТА-ны тәжірибелік қолдану саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.
Дәріскер ретінде Нурболат Николаевич Сукуров – Қазақстан Сыртқы сауда палатасы төрағасының кеңесшісі қатысты.
Семинарға қатысушылар уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясының Қазақстан Республикасы қосылған қосымшаларымен, Карнет АТА-ны қолданудағы артықшылықтармен, Карнет АТА бойынша өткізуге болатын тауарлармен, уақытша әкелу туралы Стамбул конвенциясына қосылған елдердің тізімімен, ұлттық кепілдік ұйымының маңызы және міндетімен, Карнет АТА-ны беру тәртібімен, Карнет АТА-ның бағандарын толтыру тәртібімен және Карнет АТА-ны қолдану саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.
ҚР ҚР МКК Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)