
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
7 қазан 2019 ж. Шымкент қ.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ АЯСЫНДА
СЕГІЗ МЛРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ НЕГІЗГІ САЛЫҚ БОРЫШЫН ӨТЕДІ
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен (ҚР ҚМ МКК) «Қазақстан Республикасындағы салықтық рақымшылық, сондай-ақ камералдық бақылаудың және ЕАЭО елдерінен заңсыз тауар кіргізудің бірқатар келелі сұрақтары» тақырыбында Комитеттің Төраға орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының және Түркістан облысынын салық төлеушілеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар жұмысына шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ облыстың ірі кәсіпорындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтып өткеніндей, бұл іс-шара салық төлеушілерге шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық туралы негізгі ережелерді, жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық, камералдық және экспорттық бақылау мәселелері туралы түсіндіру мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңға республика көлемінде жалпы қарыз сомасы 8,1 млрд. теңгені құрайтын 43 020 салық төлеуші негізгі қарызың өтеп, олардың 2,4 млрд.теңге өсімпұлдан және 190,0 млн. теңге айыппұл сомалары шегеріледі. Шымкент қаласы боынша ағымдағы жылдың 1-ші қазан жағдайына негігі 397 млн.тг. қарызын төлеген 2311 салық төлеушілердің 66 млн.тг. құрайтын өсімпұлмен 471 мың тг. айыппұлдарды есептен шығарылған. Бұл туралы ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Айнұр Садикбаева хабарлады.
Сонымен бірге, семинарды жүргізу барысында Комитеттің лауазымды тұлғалары жауап берген бірқатар сұрақтар қойылды, экспорттық бақылау, камералдық бақылау, электрондық шот-фактураларды жүргізу және т.б. туралы заңнама нормалары түсіндірілді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)