Жарияланған күні: 10.09.2019 10:59
Өзгертілген күні: 11.09.2019 15:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 10 қыркүйек 2019 ж.                                                                                            Алматы обл.

 

 

ҚАЗАҚСТАННАН ДЕКЛАРАЦИЯЛАНБАҒАН АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН АЛЫП ӨТУ ФАКТІЛЕРІ «НҰР ЖОЛЫ» БЕКЕТІНДЕ ТІРКЕЛДІ

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автомобиль магистралінде орналасқан "Нұр Жолы" кеден бекетінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы валютаны заңсыз өткізу фактілері анықталды.

Осылайша, 2019 жылы 4 қыркүйекте "Нұр жолы" кеден бекетінің қызметкерлері, шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына шығу әкімшілік залында, кедендік бақылау жүргізу кезінде, 10 203 АҚШ доллары сомасына ақша қаражатын алып өтуге әрекет жасаған 1978 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы А. ұсталды.

2019 жылы 29 тамызда 1971 жылы туған, 90 603 юаньмен 3000 теңгені алып өтуге әрекет жасаған Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды.

2019 жылы 27 тамызда 1992 жылы туған 10 000 АҚШ долларын және 119 200 теңгені алып өтпек болған Шымкент қаласының  азаматы ұсталды.

Аталған фактілер "Лэсси" атты қызметтік итті қолдану арқылы анықталды.

Аталған азаматтардың іс-әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері қаралды. Аталған жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 343-бабының  1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, егер мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына біржолғы әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан біржолғы әкету кезінде, кеден органына жолаушылар кедендік декларациясын берген күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

МАҢЫЗДЫ! Қазақстан шекарасын кез-келген көлік құралдарымен (әуе, жер, су) өту кезінде, бір адамға шаққанда қандай да бір валютада жалпы сомасы АҚШ $10 000 аса ақша қаражатын декларациялау керектігін еске саламыз. 

Декларацияланған сомма салықтан немесе кедендік баждардан босатылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)