
Біздің әріптесіміз Малдыбаева Замира Айдарбековнаны "Қазақстанның даму стратегиясы" атты жас мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жалпыұлттық эссе байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!
Малдыбаева З.А. 2015 жылдан бастап Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығының бас маманы болып жұмыс істейді.
Оның шығармасы «Қазіргі мемлекеттік басқарудағы көшбасшы қандай болу керек?» байқауында 131 жұмыс арасында жоғары бағаланды.
Байқау ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2020 жылдың 20 мамырынан 5 маусымына дейін 40 жасқа дейінгі жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілді.
Талаптарға сәйкес конкурсқа 131 өтінім берілді және қаралды. Оның ішінде қазақ тілінде – 67, орыс тілінде – 61, ағылшын тілінде - 3 өтінім.
Эссені бағалау үшін сараптау комиссиясы құрылды, оның құрамына Академияның аймақтық филиалдарының директорлары, сондай-ақ қызметкерлер мен ПОҚ кірді. Барлық эссе плагиатқа және дереккөздердің дұрыс қолданылуына тексерілді. Сараптама комиссиясының онлайн-отырысының қорытындысы бойынша қойылған бағалар негізінде және дауыс беру арқылы үш жеңімпаз анықталды. Олардың ішінде біздің әріптесіміз де бар!
Академия базасында жүлделі қор ретінде Замира Айдарбековна ағымдағы жылдың соңына дейін қашықтықтан білім алу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің мемлекеттік қызмет мәртебесін арттыратын іс-шараларға қатысуын жан-жақты қолдайды.
Шығармашылық табыс және жаңа жеңістер тілейміз. https://www.instagram.com/p/CBdOCXpJNC0/?igshid=dup75mp0vvre