
2022 ж. 30 наурызда қытайлық тараптың бастамасы бойынша бейне-конференц-байланыс режимінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.Қожабергенов Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы Порттар әкімшілігі ұлттық офисі Бас директорының орынбасары Ван Кемен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы «бірыңғай терезені» дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Е.Қожабергенов «бірыңғай терезені» енгізудің арқасында СЭҚ қатысушыларына құжаттар мен рұқсаттарды жинау үшін түрлі инстанцияларға барудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Кедендік рәсімдердің процестері жеделдетіледі, ал СЭҚ қатысушыларының уақыт және құндық шығындары азаяды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік операциялар басқармасының басшысы Ж.Шаимов қытайлық тараптың делегаттарын импорттық-экспорттық операциялар үшін «бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінің жұмысымен таныстырды. «Бірыңғай терезенің» арқасында кедендік және басқа да мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының ашықтығы артады, шешімдер қабылдау кезінде адами фактор алынып тасталады.
Ван Ке қазақстандық тарапқа Қытайдың «ақылды кеден, ақылды шекара, ақылды байланыс» бастамасы шеңберінде ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын қарастыруды және «бірыңғай терезені» қолдану тәжірибесімен алмасуға ықпал етуді ұсынды.
Тараптар кедендік әкімшілендіру саласында тәжірибе алмасу бойынша қабылданып жатқан шаралар ҚР-ҚХР қызметтері арасындағы ынтымақтастықты сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады деп келісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы кедендік ынтымақтастық достық негізде құрыла беретініне, ал қабылданған шешімдер жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.