Жарияланған күні: 29.01.2024 11:04
Өзгертілген күні: 29.01.2024 20:11

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының базасында БОМКА 10 Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу бағдарламасымен бірге  «Мемлекеттердің шекара және кеден ведомстволарының ОА электрондық оқыту әдіснамасын енгізу және электрондық оқыту платформасын пайдалану және электрондық оқыту модульдерін әзірлеу» бойынша Ұлттық семинар ұйымдастырылды, оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Мемлекеттік Кірістері комитеттің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО), Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі-ҚР ҰҚК ШҚ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сияқты салалардан әдіснамалар мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту және т. б. жауапты қызметкерлері қатысты. 

БОМКА 10 бағдарламасының халықаралық сарапшылары тарапынан – подполковник РhD, Мартинс Спридзанс, Мемлекеттік шекара күзеті колледжінің доценті (Латвия), – подполковник Янис Павлович, Мемлекеттік шекара күзеті колледжінің лекторы (Латвия) сөз сөйледі. Бұл сарапшылар модульдерді, курстарды әзірлеу және электрондық оқыту платформасын пайдалану, практикалық дайындықтар бойынша семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - Қазақстанның шекара ведомстволарының ұлттық сарапшыларына ЕО-қа мүше мемлекеттердің электрондық оқыту жүйелерін және электрондық оқыту платформасын пайдалану және модульдер мен курстарды электрондық оқытуды дайындау бойынша практикалық сабақтарды енгізудің озық тәжірибесі негізінде нақты электрондық оқыту курстарын әзірлеуге жәрдемдесу, сондай-ақ шекара ведомстволарының оқу орындарында электрондық оқыту модульдері мен курстарын әзірлеу.

ОӘО басшысының орынбасары Лаззат Тұрдақынқызы Қасымқұлова ОӘО-да Moodle платформасы 2012 жылы енгізілгенін және 10 жылдан астам уақыт бойы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері біліктілігін арттырып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Moodle платформасы кәсіпқойлық мәселелерінде, шекарада орналасқан қызметкерлерге, сондай-ақ жұмыстан қол үзбей және кедендік бақылауды жүзеге асыратын МКО бөлімшелерінің қызметкерлері үшін шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

Біліктілікті арттыруды жүзеге асыруда практикалық маңызы бар семинардың өзекті тақырыптарының бірі «электрондық оқытуды», шекарадағы бақылау болып табылады, бұл құрылымның компоненттерін, элементтерін әзірлеудің, өндірудің толық циклін ашумен қатар жүрді.

Семинарға қатысушыларға нақты электрондық оқыту курстарын жобалау, әзірлеу, енгізу және бағалау саласындағы теориялық және практикалық дағдылар ұсынылды.

Қатысқан тыңдаушылар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығынан – 2 адам;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен – 2 адам;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен – 13 адам.