Жарияланған күні: 04.11.2019 10:47
Өзгертілген күні: 04.11.2019 12:04

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

1 қараша 2019 ж.                                                                                                   Нұр-Сұлтан қ.

 

Мемлекеттік кіріс органдары транзитті қадағалау бойынша навигациялық пломбаларды енгізу жобасын

ЕАЭО елдерімен бірлесіп пысықтауда

 

Кедендік операциялар барынша жеңілдетілді. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылатын жаңа кедендік заңнама мен "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін енгізудің арқасында мүмкін болды, деп хабарлады МКК жедел бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Қадыр Ысмағұлов.

         Сондай-ақ, транзиттік жүктерді бақылау тәуекелдерді басқару жүйесі мен техникалық құралдарды бақылау нәтижелері шеңберінде ғана жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Егер жүйе тексеруге ұсыныстар бермесе және инспекциялық-тексеру кешендері сәйкессіздіктерді анықтамаса, онда транзиттік жүктер кідіріссіз маршрут бойынша жүреді.

Алайда, заңнаманы бұзған бизнес субъектілері де бар. Ағымдағы жылдың 9 айында 842 заң бұзушылық анықталып, тауарларды транзиттік тасымалдау кезінде 72,5 млн.теңге айыппұл салынды. Бұл туралы МКК жедел бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы айтты.

"Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестермен транзитті қадағалау бойынша навигациялық пломба енгізу жобасы әзірленуде. Мұндай пломбаларды қолдану кедендік рәсімдерді қосымша жеңілдетуге мүмкіндік береді және тексеру және физикалық сүйемелдеу түрінде бақылаудың физикалық шараларын алып тастау есебінен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады", - деп атап өтті Қ. Ысмағұлов.

Пилот қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресейдің кеден органдары арасында өткізілді. Енді ЕАЭО-ның басқа елдерінің қатысуымен көпжақты пилотты өткізу жоспарлануда, деп атап өтті спикер. 

Сонымен қатар, TIR EPD жүйесі бойынша алдын ала ақпарат беретін және шектес тарапта ХЖТ жүйесін ашатын тасымалдаушылар үшін транзит жетілдірілуде. Атап айтқанда, мұндай тасымалдаушылар үшін өткізу пункттерінде жекелеген қозғалыс жолақтары ұйымдастырылды және тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша оңайлатулар бар, деп қорытындылады Қ. Ысмағұлов.