
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудағы заманауи әдістер
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейін Қазақстан Республикасы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттердің арасына кіру туралы жаһандық мақсат қойды.
Еліміздің мемлекеттік қызметі аталған мақсатқа жету үшін белсенді жұмыс жүргізуде.
Еліміздің түбегейлі экономикалық дамуы бәсекеге қабілетті, аса білімді кадрлық құрамсыз мүмкін емес.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясына сәйкес білім және кәсіби дағдылар – замануи білім жүйесінің, кадрларды даярлау және қайта даярлаудың басты нысанасы.
Мемлекеттік қызметшілердің құзыретін және кәсіби деңгейін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы бекітілген.
Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жоспарының 9 қадамында мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру көзделген. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында және жоғарыда көрсетілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларында іске асырылған.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру саласында айрықша рольді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) атқарады.
ОӘО оқыту іс-шараларын ұйымдастыру ОӘО басшысының бұйрығымен бекітілген тиісті мерзімге (жартыжылдық, жылдық) арналған оқу жоспары негізінде өткізіледі. Оқу жоспары ұсынылған тақырыптардың өзекті, басымдылық және қажеттілік принципімен, Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық органдардың ұсынған тақырыптарын жинау, қорыту, талдау арқылы қалыптастырылады.
Қашықтықтан оқытуды өткізу үшін ОӘО замануи «Polycom» жабдығымен жарақтандырылғанын атап өтуге болады. Қазіргі уақытта ОӘО көбінесе қашықтықтан оқытуды өткізеді, өйткені оқытудың бұл инновациялық түрі қатысушыларды көбірек қамтуға мүмкіндік береді және қатысушылардың іс-сапарына байланысты қаржылық шығындарды қажет етпейді.
Оқыту іс-шараларын сапалы өткізу мақсатында жоғары кәсіби дәріскерлерді тарту жұмысы тұрақты негізде жүргізілуде.
Осылайша, «NUCTECH Limited Company» қытай компаниясымен бірлесіп, 2018 жылдың 10-13 сәуір аралығында Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Майқапшағай» кеден бекетінің базасында «Жүк автокөлігін сканерлеуге арналған мобильді инспекциялық-тексеру кешені. Пайдалану тәртібі және тәжірибелік сабақтары» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.
Сонымен бірге, 2018 жылдың 16 сәуірінде «Болотов и партнеры» ЖШС дәріскерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың ерекшеліктері» тақырыбына қашықтықтан оқу өткізілді.
Бұдан басқа, «Инфографика форматында ақпараттық технологияларды қолдану» (2018 жылдың 13-15 маусымы) тақырыбында қашықтықтан семинарға дәріскер ретінде ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, «Болашақ» стипендиясының түлегі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты Сымбат Болатқызы Исабаева шақырылды.
Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік «Қаржылық академия» АҚ-мен нәтижелі ынтымақтастықты атап өтуге болады. ОӘО қызметкерлері «Қаржылық академия» АҚ-да оқытушылық қызметпен айналысады, конференцияларға белсенді қатысады, студенттерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. Өз кезегінде, ОӘО «Қаржылық академия» АҚ профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен семинарлар өткізуді жоспарлап қойған.
Қазіргі уақытта, оқыту саласындағы халықаралық озық тәжірибені есепке ала отырып, ОӘО оқытудың келесі замануи әдістерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:
Кейс-стади – нақты экономикалық, әлеуметтік және бизнес-жағдайларды сипаттауды пайдаланылатын оқыту техникасы. Бұл әдіс алғашқы рет 1924 жылы Гарвард бизнес мектебінде қолданылған және одан әрі бүкіл дүние жүзінде кең таралды.
Коучинг – консалтинг және тренинг әдісі, бұл әдіс барысында «коуч» (жаттықтырушы) оқушыға қандай да болмасын өмірлік немесе кәсіби мақсатқа жетуге көмектеседі.
Шағын топтағы жұмыс немесе командалық жұмыс – қатысушыларға өзінің әлеуетін жүзеге асыруға, өзара қарым-қатынасқа, дағдылық ынтымақтастығын қолдануға мүмкіндік беретін интерактивті оқытудың ең танымал стратегиясының бірі.
Ми шабуылы – шығармашылық белсенділікті ынталандыру негізіндегі мәселені шешудің жедел әдісі, бұнда талқылауға қатысушыларға мәселе шешімінің көбірек нұсқасы ұсынылады. Содан соң, ұсынылған жалпы пікірлердің ішінен практикада қолдануға болатын ерекше сәттілерін таңдайды. Ми шабуылы әдісі алғашқы рет 1941 жылы американың жарнамалық агенттігінде пайда болған.
Эдвард де Боно ойлауының алты қалпақ әдісі – ми шабуылы әдісінің ең танымал түрінің бірі.
Эдвард де Боно – британ психологы, шығармашылық ойлау саласындағы кеңесші, жазушы. «Ойлаудың алты қалпағы» алғашқы рет 1985 жылы жұртшылыққа ойлауды ұйымдастыру және шығармашылық есептер мен дауларды шешу әдістерін ұсыну арқылы жарыққа шықты.
Рольдік және іскерлік ойындар
Рольдік ойындардың мағынасы – зерттелетін тақырып немесе нәрсе шеңберінде құрылған, ойын міндеттерінің шартына сай келетін, оқытуға қатысушылардың белгіленген рольдерін орындауы.
Іскерлік ойын әдісінің мәні зерттелетін тақырыпқа қатысты жақтардың іс-әрекетінің әртүрлі жағдайлар мен ерекшеліктерін модельдеуден тұрады.
Екі дәріскердің әңгімесі – оқытуды әңгіме және талқылау жолымен екі дәріскермен өткізу.
Мифологемдер – мәселе шешімінің ерекше әдісін жоқ (ойлап тапқан) сценарийді әзірлеу және т.б. жолымен іздеу.
Оқытудың инновациялық әдістері қатысушылардың ішінде өте танымал, өйткені олар интерактивті түрде өтеді, әр оқушының әлеуетін ашуға көмектеседі.
Осылайша, ОӘО алдыңғы шептегі халықаралық тәжірибенің негізінде оқытудың замануи жүйесін құру бойынша нәтижелі жұмыс жүргізуін және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзырет деңгейін тұрақты ұлғайтуды жалғастыруда, ол өз кезегінде мемлекеттік аппараттың қызметін тиімді арттыруға, сәйкесінше мемлекеттік кірістер органдарының халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтердің қанағаттандыруын арттыруға жеткізеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)