Жарияланған күні: 04.08.2023 20:26
Өзгертілген күні: 04.08.2023 20:29

          «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ережеге сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген.
          Жобаны қабылдау мақсаты нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту болып табылады.
          Бұйрықтын жобасы 2023 жылғы 3 мамырда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14543304) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
          Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 19 мамырға дейін.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылы 12 шілдеде 33067 мемлекеттік нөмірімен тіркелген.