
«Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Бұйрықтың жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру және сыбайлас жемқорлық нормаларын жою мақсатында редакциялық өзгерістерді көздейді.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.