Жарияланған күні: 17.11.2022 19:10
Өзгертілген күні: 17.11.2022 19:12

Ағымдағы жылдың 7 мен 11 қарашасы аралығында Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы және Батыс Қазақстан облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі- МКД) және  ҚР ҰҚК ШҚ-нің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы 5 күндік күндізгі оқу курсы Ақтөбе облысы бойынша МКД өтті.

Осы курс Астана қ. ЕҚЫҰ кеңсесі бағдарламасының  қолдауымен ұйымдастырылды.

         Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.

         Курстың міндеті: сканерлеу жабдығын пайдалану, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.

         Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшысының орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және  ашылуымен бастады.

Оқу барасында қатысушылар “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырылды.

Түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау мақсатында алдын – ала тестілеу өткізді.

Келесі күндері ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптарына дәріс өткізілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (граната, синтетикалық есірткі, пышақ, қолдан жасалған жарылғыш заттар) анықтауға арналған, көру арқылы есте сақтау тапсырмаларын орындады.

Сканерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуге және рентгендік құрылғылардың суреттерін талдауға оқыту теориялық және практикалық сабақтар түрінде өтті. Оқытудың практикалық бөлігінде курс тыңдаушылары Ақтөбе әуежайында рентген телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеді.

Семинарға қатысушылар "RAPISCAN" рентген машинасының суреттерін талдауды, Шарм-Эль-Шейх Ақтөбе, Стамбул-Ақтөбе, Ақтөбе - Баку авиарейстерінің багажы мен жолаушыларын сканерлеуді үйренді.

Оқытудың практикалық бөлігі барысында курс тыңдаушылары Ыстамбұлдан декларацияланбаған алтын бұйымдарды әкелу фактілерін анықтады. Сонымен қатар, қол жүктерін тексеру және кедендік бақылау жүргізу кезінде 10.000 АҚШ долларынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкету фактілері анықталды.

Курс екі бөлімнен тұратын:

  • «Trefox» бағдарламасы бойынша – теориялық бөлім (48 сұрақ);
  • «Simfox» бағдарламалық өнім арқылы – практикалық бөлім (25 сөмке) тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталды.

Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:

  • Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;
  • Ислямова Ж. М. –  біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің

басшысы м. а.

Оқу курсы,  жоспар кестесіне сәйкес өткізіліп, үзіліссіз жүзеге асырылды.

Арнайы курстың қорытындысы бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кеден және шекара ведомстваларының  21 қызметкері оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.

Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.