Жарияланған күні: 23.08.2023 15:59
Өзгертілген күні: 23.08.2023 16:07

      Астана, 2023 жыл 15-18 тамыз

      ҚР ҚМ МКК Дүниежүзілік кеден ұйымымен бірлесіп ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бағдарламасы бойынша «Стратегиялық тауарлармен сауданы бақылау» (СТСБ) тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

      Қазақстан тарапынан ҚР ҚМ МКК Әкімшілендіру департаментінің директоры – Тян Арман Александрович сөз сөйледі.

      Тян мырза республиканың сыртқы саяси бағыты қарусыздану және жаппай қырып – жою қаруын таратпау саласындағы саясат болып табылатынын, оның негізінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, жаһандық проблемалар мен қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыруға бейімділігі негізделгенін атап өтті. Сондай-ақ, таратпау мәселелерінде шешуші рөлді шекарада да, кедендік бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің құзыреттілігі мен кәсібилігі атқаратынын атап өтті.

      Дүниежүзілік кеден ұйымы тарапынан ДКҰ-ның СТСБ жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Адам Вас мырза сөз сөйледі және өз кезегінде ол СТСБ қағидаттары мен әдістерін қабылдау қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халықаралық сауда процестерін жақсартуға, оны қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттарының қағидаттарына сәйкес келтіруге және SAFE әлемдік сауданы жеңілдетуге ықпал ететінін атап өтті.

     Шекарада бақылауды жүзеге асыруда практикалық маңызы бар семинардың өзекті тақырыптарының бірі – радияциялық, химиялық, биологиялық және радиологиялық қаруды және олармен байланысты қос мақсатты тауарларды әзірлеу, өндіру, құрауыштар, конструкция элементтері, жеткізу тәсілдері (навигация және басқару) толық циклін ашумен қатар жүретін «Тауарларды сәйкестендіру» тақырыбы болды.

     Семинарға қатысушыларға қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіру әдістері бойынша теориялық материалдар ұсынылды, олар өз кезегінде шекарада бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады.