
Мемлекеттік кірістер комитеті «Байланыс-орталығы үздік қызметкері» атағына 17 МКД және КГД арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың желтоқсан айына конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап бере білу.
Аталған конкурс қызметкерлердің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша МКК «Байланыс-орталығы» бас сарапшысы – Курамысова Венера Бексултановна «Байланыс-орталығының үздік қызметкері» болып танылды.
Курамысова Венера Бексултановна, Мемлекеттік кірістер органдарында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс өтілі 10 жылдан астам. Жұмыс барысында өзін атқарушы маман ретінде көрсете білді. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттыруда, толық және дұрыс кеңес беруді, жанжалды жағдайларда өзін-өзі бақылауды, мұқият және мейірімді болуды біледі. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, ұжымда достық қарым-қатынасты, көпшіл қасиетке ие. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 1085 қоңырау қабылдады, оның ішінде өтініш білдірген азаматтардың 98% Курамысова Венера Бексултановнаның жұмысына оң баға берді.